Атырауда дәрігерлерге төленетін өтемақы есепшоттан жоғалып кетіпті
Атырауда дәрігерлерге төленетін өтемақы есепшоттан жоғалып кетіпті
110
оқылды
 «Ақ Жайық» басылымының жазуынша, пандемиядағы жұмысы үшін төленетін өтемақысын алмаған 30-дан астам қызметкер жиналып 9 қазан күні Атыраудың №1 қалалық емханасында жиналған екен.

Айтуынша, олар осы ақша үшін құжаттарын екі рет жинап, өткізген екен. Бірақ Денсаулық сақтау басқармасы төлеуге бас тартып отыр. Олардың мәлімдеуінше, №1 қалалық емхананың есепшотынан 70 миллион теңгенің алма-ғайып жоғалып кеткен.

«Бұл электронды алаяқтардың жұмысы. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал өтемақыға қатысты бұйрыққа бірқатар өзгерістер енгізілуіне байланысты дәрігерлердің құжаттары қайтадан комиссияға өткізіліп, қайта қарастырылуда. Қаралған 27 материалдың 9-ы өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Негізнен мобильді топтарда жұмыс істемегендерге бас тартуда» деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхан Байдуалиев.

[embed]https://youtu.be/8Y_zejIWReg[/embed]