"Астана" телеарнасы Youtube-та «Тәуелсіздік дәуірі» атты арна ашты. Бұл туралы телеарнаның бас директоры Құрманбек Жұмағалы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Youtube тен - «Тәуелсіздік дәуірі» атты арна ашылды. Арнаға жүктелетін түрлі жанрдағы жобалар - әр саланың тұтқасын ұстап, тәуелсіз елді нығайту жолында маңдай терін төккен қайраткерлердің естелік оқиғаларынан құралады. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевпен алғаш кездесулері мен қызмет барысында болған көпке беймәлім қызықты сәттер, терең талдау, ауқымды сараптамалық бағыттағы елдік маңызы зор оқиғалар сұхбат барысында жан-жақты айтылады.Бір сөзбен айтқанда, жоба - Қазақстанның егемен ел болып қалыптасу тарихына арналады. Достар, олай болса, арнамызға жазылып, пікір қалдырып, ортақ мақсатқа бірге жұмылайық!", - деп жазды ол.
Сұхбаттар екі минуттан тұрады, әртүрлі ой, оқиғаларға негізделген.