Қазақстанға ұшақпен келген 6 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанға ұшақпен келген 6 адамнан коронавирус анықталды

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Қазақстанға халықаралық әуе рейстермен келген жолаушылардың ішінен қанша адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.  Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, қазанның 6-12 күндері аралығында елімізге халықаралық әуе рейстерімен 14 578 жолаушы келген. Оның ішінде 11 966 жолаушыда ПТР анықтамасы болса, 2 596 жолаушыда мұндай анықтама жоқ. Сондықтан ПТР тест тапсыру үшін 2 596 қазақстандық екі күндік карантинге жатқызылған.

«Тест тапсырған 2 596 адамның ішінде тек 6 Қазақстан азаматынан коронавирус табылды. Олар әртүрі әуе рейсімен және әртүрлі күндері келген. Алматыға келген үш (10 және 12 қазан), Нұр-Сұлтанға келген бір (9 қазан) және Шыкентке келген екі (11 қазан) жолаушыдан анықталды»,- деді ол.