Алматыда бесінші сынып оқушыларына балалар суициді туралы тапсырма берілген. Бұл туралы Facebook-те қаланың Қанат Садықов атты тұрғыны хабарлады.
Оның айтуынша, бұндай тапсырмалар №132 гимназия оқушыларына беріледі.«Сөздердің септігін, жағын анықтаңдар. Анасы баласына ашуланып, "Сені ешқашан көрмесем, бақытты болар едім" деді. Баланың басынан жай түскендей болды, ол қаруды алып, өзін-өзі атып өлтірді. Оның жанынан тақтасы табылды, онда "Апа, мен қарамды батырдым, енді сен бақытты бол" деп жазылған екен. Содан кейін анасы от басында отырып жылайтын болды, бір күні өзі өлі күйінде табылды, қайғыдан қайтыс болды», - делінген WhatsApp мессенджері арқылы мұғалім оқушыларға жіберген құжатта.
«Бесінші сынып оқушысына берілген тапсырма осындай. Мен соққы алғандай күйдемін», - деп жазды Садықов.Басқа желі пайдаланушылары да балаларының осындай тапсырма алғанын айтты.