Павлодар облысында кезекші сынып мұғалімі коронавирусқа шалдыққан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
58 жастағы әйел белгісі білінбейтін коронавирус инфекциясы анықталды. Ол үйінен емделетін болды."Мұғалім әйелдің анасы алдында коронавирусқа шалдыққан болып шықты. Науқастың жағдайы тұрақты", - деп хабарлады Павлодар облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті.
Бастауыш сынып мұғалімі жұмыс істейтін мектеп карантинге жабылмайды. Екі сынып, сондай-ақ онымен тығыз байланыста болған әріптестер үйіне, карантинге жіберілді.