Премьер-министр Асқар Маминнің қаулысымен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар білім беру және мәдениет мекемелеріне тарихи тұлғалардың есімі берілді. Атап айтқанда:
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Өнер колледжі – музыкалық эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ермек Серкебаевтың есімі;
- «Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Ақан серінің есімі берілді.
- СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының «№4 Булаево орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бұдан былай - «Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталады.
- «СҚО Жамбыл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Преснов жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектеп» болып өзгерді.
- «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың есімі;
- Көкшетау қаласы білім бөлімінің «ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілді.
- Сондай-ақ Степногорск қаласының білім бөлімінің «Н. Островский атындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Степногорск қаласының білім бөлімінің «А.М. Горький №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Степногорск қаласының білім бөлімінің «А.П. Гайдар атындағы №8 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Шоқан Уәлиханов атындағы №8 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Степногорск қаласының білім бөлімінің «А. Косарев атындағы №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қаныш Сәтпаев атындағы №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.