Билл Гейтс коронавирусты жеңудің жалғыз жолын атады
Билл Гейтс коронавирусты жеңудің жалғыз жолын атады
5,117
оқылды

Microsoft негізін  салушы Билл Гейтс NBC-ге берген сұқбатында адамзат коронавирусты толық жеңіп шығатынын айтты, деп жазады ria.ru. 

"Адамдар қалыпты өмірге оралуы үшін жалғыз жол бар. Ол баршамызға коронавирусқа қарсы супер тиімді және қолжетімді вакцина салдырту керек", — деді ол.

Гейтстің пайымынша, жаппай вакцина салдыру арқылы коронавирус инфекциясын тоқтатып, әлемдік ауқымдағы аурудың жолын кесуге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ол коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтқан болатын.