Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Асхат Жантұрсыновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Асхат Жантұрсыновтың келесі қарсыласы белгілі болды
179
оқылды
 Қазақстан кәсіпқой боксы федерациясының мәліметі бойынша, 9 қазан күні қазақстандық боксшы Алматыда әзербайжандық Казим Умудовпен шығуы керек еді. Алайда  қарсыласы Қазақстанға келе алмады. Жантұрсынов енді 15 қазанда Минсктегі KOld Wars сериясының турнирінде өнер көрсетпек. Қарсыласы –Руслан Родзивич (15-29, 14КО). Алғашқы ауыр салмақтағы кездесу төрт раундқа есептелген. Минскте өтетін осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы, алғашқы жеңіл салмақтағы Жандос Қыдырәлиев (1-0, 1КО) шаршы алаңға беларусь боксшысы Арсений Кобзевпен шығатын болады.