5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
123
оқылды
Облыстық Денсаулық сақтау басқар­масының хабарлауынша, 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның ішінде 3-еуі – ауыр, 2-еуі – өте ауыр жағдайда. Жансақтау бөлі­міндегі науқастардың жағдайына тыныс алу­дың жетіспеушілігі мен ілеспе аурулардың өршуі әсер еткен. Жалпы, облыста 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек-орын бар. Сондай-ақ реани­мациялық төсек саны 43-ке дейін көбейтілген. Елімізде коронавирустың жоғын рас­тайтын анықтамасыз шетелден келген  аза­маттар мен шетел азаматтарына арналған стационар ашылғаны белгілі. Өңірде жалпы алғанда,  Ақтау қаласында – 15, Жаңаөзен қаласында – 100, Қарақия ауданында – 10, Бейнеу ауданында 10 төсек-орынды карантин стационарлары жұмысын бастады.  

Айбике ЖАНАСЫЛ