«Дүйсенбілік футбол» аяқталды

«Дүйсенбілік футбол» аяқталды

Шымкент жастары арасын­дағы саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Дүйсенбілік футбол» тур­нирінде 8 команда бақ сынады.  Олимпиадалық жүйе бойынша өткен додаға «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры мен «ОТАУ-СТРОЙ» ЖШС директоры Аслан Әлімбек де­меушілік көрсетті. Шара барысында ең үздік деген 3 команда және «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» номинация­сының иегерлері анықталды. Қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, барлық кездесу­лерін айқын басымдылықпен жеңген «Тұлпар» командасы турнир жеңімпазы атанды. Ал екінші орынды «Қазыбек» ко­ман­дасы иеленсе, «Айна» ко­ман­дасы үздік үштікті түйін­деді. «Үздік шабуылшы» номи­нациясына Қадыржан Аманқұл, Акбарбек Октамов және Есенжол Байсапаров лайық деп танылды. «Үздік қақпашы» но­минациясын Айбол Мырзалы, Елмұрат Асанбаев және Дарын Нұрланұлы алды. Санжар Данабек, Абылайхан Тұңғыш­баев және Сырым Әзімхан «Үздік ойыншы» но­минация­сының иегерлері атанды. Жарыс соңында жеңімпаз командаға 300 мың, 2-орынға 200 мың, 3-орынға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сый­лық табысталды.  

Әбілмансұр ЖАСАН