Құндылықтарды сақтаған абзал
Құндылықтарды сақтаған абзал
140
оқылды
Облыс әкімінің тапсырмасымен Ақтөбедегі көне ғимараттарды қалып­қа келтіру жұмыстарына инвесторлар тарту көзделген болатын. Аймақ бас­шысының бұл ұсынысы «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясы тарапынан қолдау тапқанын айта кеткен жөн. Аталған кәсіпорын қыркүйек айында Шернияз Жарылғасұлы кө­шесіндегі №62, 64, 66, 68, 70 үйлердің сыртына әрлеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Тексеріс барысында облыс әкіміне «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ ком­па­ния­сының президенті Вэй Юйсян жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыс­тарын көрсетті.
– Бірлесіп атқарған жұмыс­тар­дың нәтижесінде Ақтөбе қаласының көрікті орындарын көбейту жос­парға енгізілді. 150 жылдан астам тарихы қалыптасқан қалада сыртқы келбеті сұлу ғимараттар жетерлік. Ең бас­тысы, жөндеу жұмыстарын жүргізуде олардың тарихи келбетін сақтап қалуды ескеру керек, – деді Оңдасын Оразалин.
Аймақ басшысы өз кезегінде Қазхром» АҚ ТҰК Президенті Арман Есенжоловқа 2021 жылы «Жил­го­родок» тұрғындар қа­лашығындағы ғимараттардың сыртын жөндеу жұ­мыс­тарын жүргізу туралы ұсыныс тастады. Сондай-ақ, қала әкімі Асхат Шахаровқа тұрғындар серуендейтін орындардың санын арттырып, «Жил­городок» тұрғындар қала­шы­ғындағы үй аулаларын қалыпқа келтіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.  

Әбілмансұр ЖАСАН