100 адамға той жасап, айыппұл төлемек
100 адамға той жасап, айыппұл төлемек
151
оқылды
Ақтау қалалық полиция бөлімінің инспекторлары карантин режиміне қарамастан той өткізген мейрамхана әкімшілігіне хаттама толтырып, айыппұл салу үшін Маңғыстау облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды. Карантин тәртібін бұзып, той жасаған кәсіпкерлерге 230АЕК кө­лемінде айыппұл салынады. Мониторинг тобы күн сайын күшейтілген режимдегі рейд жұмыстарын жалғастырады. Жаңа талаптар бойынша тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы сағат  21.00-ге дейін қысқарады. Яғни, қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Фитнес орта­лықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады. Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты  сағат 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі.  

Ж. НҰРЛАН