20 рет пышақ сұққан: Қарағандылық жігіт сүйіктісін пышақтап тастаған
20 рет пышақ сұққан: Қарағандылық жігіт сүйіктісін пышақтап тастаған

Қарағанды ​​облысының полиция департаментінде хабарланғандай, оқиға 10 қазанда сағат 22:59 шамасында  болған.

Қарағанды ​​қаласының 28 жастағы тұрғыны пышақ жарақаттарымен облыстық ауруханаға жатқызылған еді.

Қыздың үстіндегі жарақаттың бәрі -  жанжал кезінде келтірілген екен. Қазір «қылмыс жасады» деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны анықталды. Оны қамауға алу бойынша шаралар қабылдануда. Алайда әлгі жігіттің орналасқан жері әлі анықталмады. Әзірге мән-жайы тексеріліп жатыр.

Ал 23 жастағы жігіттің бұрын кездескен 28 жастағы сүйіктісіне пышақ ала жүгіргені жайында ақпарат интернетте 11 қазанда пайда болған. Алдын-ала болжам бойынша, оқиға темірбетон бұйымдары ауданында орын алыпты.