Бозбала аялдамадағы жолаушыларға оқ жаудырып, 4-уін өлтірді
Бозбала аялдамадағы жолаушыларға оқ жаудырып, 4-уін өлтірді
123
оқылды

Борский ауданы Нижний Новгород маңындағы Большеорловское ауылында белгісіз бозбала автобус аялдамасында оқ жаудырған.

«112» жеделхат каналының хабарлауынша, оқ атқан адам 18 жаста. Ол үйдегі әжесіне оқ атып, өлтірген соң аялдамаға жүгіріп шығып, сол жерде автобус күтіп тұрған адамдарға оқ жаудырған.

Содан сол жердегі автобусты атқылап, қолындағы екі қарумен орманға қарай қашып кеткен. Қазір полиция 18 жастағы Данил Монаховты іздеуде.

«Куәгерлердің айтуынша, оқ 16 рет атылған. Сол жерде үш адам қайтыс болды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді. Қаза болғандардың бірі – жергілікті ерікті өрт сөндіру бригадасының жүргізушісі».

Нижегород облысының губернаторы Глеб Никитин қаза тапқандардың отбасыларына және сол оқиғаның құрбандарына көмек көрсетуді тапсырды.