ІІІ-топтағы мүгедектігі бар жігітке партиялықтар жұмыс тауып берді
ІІІ-топтағы мүгедектігі бар жігітке партиялықтар жұмыс тауып берді

Қарағанды жоғары политехникалық колледжін «техник-бағдарламашы» мамандығы бойынша бітірген III топтағы мүгедектігі бар азаматқа партиялықтар жұмыс тауып берді. Бұл туралы Nur Otan партия төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі Нәзила Раззақ фейсбуктегі жеке парақшасында жазды.

«Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына III топтағы мүгедек азамат Б. жұмысқа орналасуға көмек көрсетуді өтініп жүгінді. Бұрын азамат Б. осы мәселе бойынша көптеген мемлекеттік және жеке ұйымдарға жүгінген, бірақ мүгедектігіне байланысты оны ешкім жұмысқа қабылдамаған. Партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Б.Ш. Қуанышев мәселені шешу үшін Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының басшылығын тартты. Партиялықтардың қолдауымен және Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы басшылығының көмегімен азамат Б. партияның облыстық филиалына жастар тәжірибесі бойынша маман болып жұмысқа орналасты» деп жазды өз парақшасында Нәзила Раззақ.