АҚШ-тағы өрт: Мұнай қоймасында үш резервуар жанып кетті
АҚШ-тағы өрт: Мұнай қоймасында үш резервуар жанып кетті

АҚШ-тың Калифорния штатындағы ірі NuStar Energy мұнай қоймасы өртеніп жатыр.

Fox News телекомпаниясының мәліметінше, 200 өрт сөндіруші өртті сөндіруге тырысып жатыр. Мұнай қоймасы Крокетт елдімекенінде орналасқан. Жергілікті өрт сөндіру басқармасы үш резервуардың жанып кеткенін мәлімдеді. Кей деректерге қарағанда, резервуарлардағы мұнай емес, этанол болуы мүмкін.

Өрттен ешкім зардап шекпеген. Жергілікті билік тұрғындардан көшеге шықпауын өтініп отыр.