Алматы облысында кәріз суын арыққа төгіп жатыр (видео)
Алматы облысында кәріз суын арыққа төгіп жатыр (видео)
150
оқылды
Видеодан цистернасы бар бірнеше жүк көлігі кәріз суын арыққа төгіп жатқанын көруге болады. Видеоның авторы ассенизаторлардың әрекетіне наразы болған.

"Қараңызшы, септикке төгіп жатыр. Сіздерге кім осында төгуге рұқсат берді? Міне, тағы бір көлік төгіп жатыр", - дейді видеодағы ер адам.

Қарасай ауданы әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Олардың мәліметінше, қалдықты төгу жұмысы заң бойынша жүргізіледі.

"Видеода Agropark Ontystuk ЖШС-на тиесілі сүзу алаңына кәріз ағын суын төгу сәті түсірілген. Сүзу алаңы саяжай алқабымен шектеседі. Бұл қоршалған аумаққа Beyazhtrans ЖШС қызмет көрсетеді. Кәріз ағын суын әкетуге Beyazhtrans ЖШС мен жеке тасымалдаушылар арасында шарт жасалған", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

[embed]https://www.instagram.com/p/CGPgF-NjU7h/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]