Алматы облысында енесі келінін есінен таңдырып ұрып тастаған (видео)
Алматы облысында енесі келінін есінен таңдырып ұрып тастаған (видео)
272
оқылды
Алматы облысында қайын енесі келінін есінен танғанша ұрып-соққан.

Бұл әйелдің келінге көрсетіп жатқан зорлық-зомбылығы бірінші жағдай емес екен. 24 жастағы келіншекті енесі келін болып  түскен күннен бастап соққының астына алыпты. Әдетте ол келінін жұдырығымен төмпештеп ұрады екен. Осы жолы кеудесінен қатты ұрғаны соншалық келіншек есінен танып қалған. Осыдан кейін келішек көмек сұрап, қоғам қайраткерлеріне хабарласқан.

«Не молчи» қорына тағы бір кезекті хабарлама түсті. Қайын енесі келінін ұрып тастапты.  Жас келін 1996 жылғы екен. Соңғы соққыда келіннің таяқ жегені қатты болған соншалық, ол 4 сағаттай есін жимай талып қалған» деді Дина Смайлов.

Құқық қорғаушылар ененің қандайда да бір жауапкершілікке тартылмай немесе айыппұл төлеп, құтылып кету мүмкіндігін айтуда. Себебі қылмыстық кодексте ұрып-соғу денсаулыққа жеңіл-желпі зиян ретінде қарастырылуда.

[embed]https://youtu.be/hT3MHHYbq48[/embed]