Императордың таққа отыруы: Жарты миллион сотталушы бостандыққа шығады

Императордың таққа отыруы: Жарты миллион сотталушы бостандыққа шығады

Жапония үкіметі елдің жаңа императоры Нарухитоның таққа отыруына байланысты сотты болған 550 мың адамға рақымшылық жарияламақ.

Yomiuri Shimbun басылымының жазуынша, рақымшылық туралы егжей-тегжейлі соңғы шешімді ел үкіметі аптаның соңында қабылдайды. Сонан соң монарх мақұлдауы қажет.

Осыған дейін Жапонияда 1990 жылы император Акихито таққа отырғанда істі болған 2,5 милллион адамға рақымшылық жасалған. Елді отыз жылға жуық билеген император тақты өз еркімен ұлы Нарухитоға тапсырып жатыр.