ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қала аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін анықтады.
Екі мекен-жай бойынша орналасқан орындарды тексеру барысында процессорлар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнетіркеушілер, интернет-модемдер, сондай-ақ ақша қаражаты анықталып, тәркіленді. Сол уақытта аталған жерде ойыншылар мен ойын әкімшісі болды.Қазіргі таңда ҚР ҚК 307-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалып, (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.