Түркістан облысында санитарлық талапты сақтамағандарға 150 миллион теңге айыппұл салынды

Түркістан облысында санитарлық талапты сақтамағандарға 150 миллион теңге айыппұл салынды

Түркістан облысы бойынша барлық нысандардағы санитарлық талаптың сақталуын қоғамдық бақылау мүшелерінен құрылған арнайы мониторингтік топ бақылайды, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Рейдтік тексеріске шығып, бас санитар дәрігердің қаулысын елемегендерге әкімшілік шара қолдануда. 53 мобильді топ карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын нысандарды аралады.

Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында жүргізілген арнайы рейд кезінде мобильді топ кәсіпкерлік нысандарды аралап, белгіленген санитарлық нормалардың сақталуын тексерді. Талап бұзғандарға ескерту жасалды. 5 шілде мен 10 қазан аралығында  30 мыңға жуық нысанды аралаған мобильді топ карантин талаптарын бұзған 3701 нысанды анықтады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 150 млн  217 470 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Той-томалаққа тыйым салынғанына қарамастан өңірде жекелеген азаматтар келін түсіріп, қыз ұзатып, жиын өткізуді тоқтатпай тұр. Мобильді топтың тексеруімен жалпы  236  отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, той уақытынан бұрын тоқтатылды.