Көкшетаудың үстінен ұшқан тікұшақ тұрғындарды шошытты
Көкшетаудың үстінен ұшқан тікұшақ тұрғындарды шошытты
109
оқылды
Көкшетаудың үстінен ұшқан тікұшақты көрген тұрғындар әуеден бір зат шашып жүр деп шошыған, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы. Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласында  9-23 қазан аралығында Ақмола облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы әскери техника мен арнайы автокөліктерді жұмылдыру арқылы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізіп жатыр.
«Қала тұрғындары мен қонақтарына сабырлық танытып, оқу-жаттығу шарасына түсіністікпен қарауға, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға шақырамыз», - делінген ведомствоның хабарламасында.