Мәдина Сәдуақасованың көлігін полиция екі рет қуып жүріп тоқтатқан

Мәдина Сәдуақасованың көлігін полиция екі рет қуып жүріп тоқтатқан

Әнші Мәдина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында өзін полиция қызметкерлері екі рет қуып жетіп тоқтатқанын айтты.

"10 күн нөмірсіз өмірім! Байғұс көлігім не көрмеді десеңізші, тұрған жерінен айфыппұл тұрағына да алып кетті, артымнан екі рет полиция қуып тоқтатты, әр 100 метрден кейін қайта полицияның жігіттерімен сәлемдестім, айыпұлдарды айтсаңызшы, мен өзімді өте біртүрлі сезініп жүрдім, ақыр соңында құрысыншы, мінбей-ақ қояйыншы, нөмірлері келгенше деп машинаны қойып қойғанмын. Бұрынғы нөмерлерімді күту аясында ғой. Автокөлік жүргізушілер, нөмірсіз 1 сағатта жүре алмайсыз. Қандай берсе соны ала берген дұрыс па деген ой да мазалады. Бірақ сол 10 күн өтті, сағына күткен нөмерлерім келді, енді «смело» бас көшелермен де жүре алатын болдым. ГАИ красавчики, көздерің бүркіттің көздері ме деп қалдым", - деп жазған әнші.
Еске сала кетейік, Бұған дейін Мақпал Жүнісованың 42 500 теңгенің ала алмағанын жазған болатынбыз.