Қазақтың көмірімен қай мемлекеттер жылынып отыр?
Қазақтың көмірімен қай мемлекеттер жылынып отыр?
137
оқылды

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан 295,7 млн долларға 15,4 млн тонна көмір экспорттады, деп хабарлайды LS.

Нақты айтқанда, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмірді жеткізу көлемі 3,8% -ға, ал ақша түрінде 29,7% -ға өскен.

Былтыр біздің елден Ресей 142,1 миллион долларға 13,4 миллион тонна көмір сатып алса, Швейцария 773,3 мың тонна (өсім 2,5 есе), Украина – 463,5 мың тонна (3,2 есе), Кипр – 389,8 мың тонна (5,2 есе) алған.

Сонымен қатар, Қырғызстанға (240,5 мың тонна), Беларуссияға (122,9 мың тонна), Өзбекстанға (33 мың тонна), Польшаға (11,3 мың тонна) және басқа да елдерге жеткізілімдер жасалды.