Дәурен Абаев: Аға-көкеге жүгінбей, өз күшіңе сену керек
Дәурен Абаев: Аға-көкеге жүгінбей, өз күшіңе сену керек
186
оқылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» республикалық конференциясында идеология қандай болу керегін айтты.

«Идеология» сөзінің өзі жауырға айналғанын түсінемін деген министр идеология халықты біріктірген кезде ғана күшке айналатынын айтты.

«Тоқмейілсудің қаншалықты қауіпті екенін білеміз. Сондықтан, біздің әрекетімізде, өмірімізде дұрыс рефлексия болуы керек. Мінсіз еместігімізді білеміз, сондықтан да қоғамдық сананы жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүріп жатыр. «Рухани жаңғыру» — бәзбіреулер ойлайтындай дәстүрлі мәдениеттің қайта өрлеуі емес. Көне заманды консервациялау шараларының жоспары да емес. Бұл – ұқыптылық, еңбекқорлық, аға-көкеге жүгінбей, өз күшіне сену, үнемі бәсекеге қабілетті болу және өзін-өзі жетілдіру сынды жаңа дәуірдегі өзекті құндылықтарды енгізу. Мұның барлығы бір күнде ұлттық келбетімізге айналмайды. Оған жүйелі түрде тұрақты үйрену керек», — деді Дәурен Абаев.