Түрік әскери техникасы бізде сыналды
Түрік әскери техникасы бізде сыналды
Машина NATO стандарттарына сай жоғары ұт­қырлыққа, баллистикалық және минаға қарсы қорғаудың жеткілікті деңгейіне ие. Тереңдігі 1,8 метрге дейін бара­тын су кедергілерінен жеңіл өтеді. Arma-да әртүрлі жағдайда және қазіргі заманғы майдан алаңында ұрыс салатын, калибрі 7,62 мм-ден 105 мм-ге дейін жететін қару-жарақ тұғыр­намасы орнатылады. Түріктер қазақтардың сынауына өрт себу машинасын, барлау машинасын, командалық-штабтық машинаны, инженерлік, санитарлық, эвакуациялық және амфибия­лық нұсқаларын да ұсынады. Алғашқы сынақтар биылғы наурызда Қарағанды облысының оқу полигонында күндізгі және түнгі уақытта жүріпті. Көліктердің қазақ даласындағы қауқары бағамдалған, биіктігі 30-дан 65 см-ге дейін жететін оппа қарды еңсерген. Ату сынақтары тәжірибелік атулар жүргізу арқылы күндізгі және түнгі уақытта өткізілді. Жұмыс тобы түріктің броньды машинасы шығару­шылар ұсынған сипаттамаларға сәйкес келетінін растады. Егер Қазақстан сатып алса, Otokar БДМ-де біздің елдің талаптарына сәйкес келетін кез келген жауынгерлік модульді орнатуға дайын екен.  

Айхан ШӘРІП