Құс тұмауы бәсеңдеді

Құс тұмауы бәсеңдеді

– Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі 7 қазанда облыс әкім­діктеріне құс тұмауынан өлген құс­тардың орташа нарықтық құнын өтеу үшін құжаттар пакетін қа­лыптастыру мақсатында ауыл­дық­тарға, жеке қосалқы шаруа­шылық иелеріне кө­мек көрсету қажет екенін ескертіп, хат жолдады. 11 қазанда 2 мың 585 құс бойынша құжаттар дайындалды, өтемақының жалпы сомасы 8 878 364 теңгені құ­райды, – деді ол.
Оның мәліметінше, құстардың өлім-жітімінің жаңа жағдайлары тек Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген ауласында тіркелді. Басқа өңірлерде 11 қазанда үй құстарының қырылу дерегі тіркелген жоқ. Соңғы 10 күндегі динамиканы ескере оты­рып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ма­мандары Қазақстанда құс тұмауы­нан құс­тардың өлімі тоқтады деген қоры­тындыға келіп отыр.
«Қыркүйек айының ортасынан бері жеке қосалқы шаруашылықтарда құс тұмауын жұқтыру салдарынан 25 мыңға жуық құс өлді. Сонымен қатар инфекция ошақтарынан 20 мың 177 бас құс тәркіленді. Осылайша, қазіргі уақытта барлығы 45 мың 110 бас құсқа, оның ішінде 27 мың 393 тауық, 777 күркетауық, 10 мың 141 қаз, 6 мың 799 үйрек үшін өтемақы беріледі», – деп нақтылады АШМ өкілі.
Ол құс фабрикаларында да жа­нуарлардың өлім-жітімінің толы­ғымен тоқтағанын хабарлады. Екі кәсіпорын – «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС және «Агро­интерптица» фабрикаларына 361 мың 647 құс үшін өтемақы төленеді. Ал Арқалық құс фабрикасында өлген құстың көбі, шамамен 256 мың тауық құс тұмауы­нан емес, өндірістегі жел­детудің уақытша доғарылуынан тұншығып өлген делінді.  

Е. ЕРДЕНОВ