Коронавируспен күресте тәуелсіздік алды
Коронавируспен күресте тәуелсіздік алды
98
оқылды
Коронавирус дертіне шалдыққан жандарды құтқаруға қажетті құрылғылардың отандық өндірісін жолға қою үшін Қазақстанда мемлекеттің қатысуымен елордадағы «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС және Көкшетау қаласындағы «Тыныс» АҚ кәсіпорындары күш біріктірді. Бұл екі кәсіпорын да мемлекеттік: «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының еншілес ұйымдары. Медицина мамандарының пікірінше, отандық ӨЖЖ аппараты ресейлік баламасымен салыстырғанда қолдануға ыңғайлы, сенімді және электр қуатына тәуелді емес. Осы арқылы бұл салада сыртқа тәуелділік жойылды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты айына 500 ӨЖЖ аппаратын шығаруға жетеді. Ішкі сұраныстан артылғаны алдымен Орталық Азия елдеріне гуманитарлық көмек ретінде жіберілетіні хабарланған. Болашақта экспортталуы ықтимал. Кәсіпорындар қосымша қажеттілік туындаған жағдайда КВИ-мен күреске керек медициналық техника мен кез келген өнімді үлкен мөлшерде өндіріп, жеткізе алады.  

Айхан ШӘРІП