Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онлайн қабылдауда азаматтар әлеуметтік сипаттағы сұрақтар, оның ішінде көпбалалы аналарға және қарт адамдарға арналған пансионатқа көмек көрсетуге қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Қабылдауға қатысқан тұрғындар өзге де өзекті мәселелерге байланысты бірқатар сауалдарына жауап алды. Басқарма басшысы азаматтарға барлық сұрақтар бойынша заң аясында түсіндірме беріп, пансионатқа қолдау көрсетуге қатысты ардагерлер үйімен кездесу ұйымдастыратынын, өтініштердің орындалуын өз бақылауына алатынын жеткізді. Кездесу соңында пікір алмасып, барлық туындаған мәселелер бойынша қатысушыларға түсініктеме берілді.
Әбілмансұр ЖАСАН