Талдықорғанда қыз-келіншектерге жыныстық қызмет көрсеткен жезөкше жігіттер ұсталды.
Оған қоса, полицейлер «төсек серілерін» ұсынған монша кешеніндегі 33 жастағы әкімші-жеңгетайды да қолға түсірді. Оқиға орнында қолға түскен ер адамның қалтасынан "қызметіне" алған ақшасы да тәркіленген. Тіпті осы секілді жезөкше еркектердің нөмірін моншаның әкімшісі сұрау салғандарға беріп отырған.

Аталған жағдайға қатысты түсініктеме берген өңірлік полиция департаменті қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабардар етті.