9 айда Қазақстаннан қанша адам кеткен?
9 айда Қазақстаннан қанша адам кеткен?
120
оқылды

Осы жылдың тоғыз айында Қазақстаннан 31 287 адам кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3550 адамға көп (27 737 адам) деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі статистика есебіне сілтеме жасаған Central Asia Monitor .

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларын 2018 жылдың аталған айларымен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 11,9 пайызға кемісе, елден кетушілер саны 12,8 пайызға көбейген.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүреді. ТМД елдерінен елге келушілер үлесі 81,3 пайызды құраса, кетушілер 91 пайызды құрады. Мемлекеттен тыс аумаққа көшетін мигранттар 23,5 пайызға көбейген.

Аймақаралық қозғалыстарға сәйкес, халықтың көші-қонының оң сальдосы республиканың бес аймағында байқалды: Маңғыстау (644 адам), Павлодар (74 адам) облыстары және Нұр-Сұлтан (21 981 адам), Алматы (24 597 адам), Шымкент қалалары (1230 адам).

Белгілі актер, блогер Әнуар Нұрпейісов те Қазақстаннан кеткенін мәлімдеді. Саяси көзқарасы және ұстанымының сәйкес келмейтінін алға тартып, өзге елде кәсіппен айналысуды жөн санағанын жеткізді. Тұруға лайықты ел ретінде Шри-Ланканы таңдаған.
Алайда Әнуар 3 жылдан кейін қайтып келуі мүмкін екенін жасырмады.

https://youtu.be/7W_mfRtvBsY