Семейде дәрігердің біліксіздігінен 9 айлық сәби көз жұмды
Семейде дәрігердің біліксіздігінен 9 айлық сәби көз жұмды
194
оқылды
Енді олар Бас прокуратура мен Денсаулық министрлігіне хат жолдап, Президенттің сайтына жағдайдың мән-жайын жазып, әділдік іздеуде. Arnapress.kz-ке хабарласқан сәбидің ағасы Анарбек Гайсин оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап берген. Оған қоса, ер адамның қолында қайтыс болған сәбидің анасынан жағдайдың мән-жайы жазылған қолхаты болды. Тоғыз айлық нәресте 2020 жылдың 10 қазанына қараған түні қайтыс болды.

Басынан баяндасақ, 9 қазанның кешінде бала ембей қояды, қайта-қайта құсып, екі рет іші өтеді. Ата-анасы бірден жедел жәрдем шақыртады.  20 минуттан кейін келген топ сәбиді тексерместен бірден анасымен бірге Семей қаласының балалар инфекциялық ауруханасына жеткізеді. Сол жерде нәрестені тексере келе хирургпен, педиатрмен және невропатологпен кеңес алу үшін Семей медициналық университеті ауруханасының балалар бөліміне жіберіледі. Ол жаққа барғанша тағы бір сағат өтеді.

Алайда жедел жәрдем тобы оларды ешқандай құжат рәсімдеместен, қабылдау бөлімінде тастап кетеді. Арада біраз уақыт өткен соң педиатр мен хирург келіп, сәбидің хал-жағдайын тексеріп, олардың бұған қатысы жоғын айтып, ауруханаға жатқызудан бас тартады. Олар баланың неврологиялық сырқаттың барын жоққа шығарып, инфекциялық аурудың салдарынан деп сендіреді. Тіпті, ананың «бұған дейін сәбидің невропатологта есепте тұрған» дегеніне де құлақ аспайды, невропотологты да шақыртпайды. [caption id="attachment_79531" align="alignnone" width="675"]дәрігер ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Нәрестенің өліміне кім кінәлі?

Бірақ хирург ананың алаңдаушылығын басу үшін сәбидің ішкі ағзасын УЗИ-ге түсіріп, одан ешқандай кінәрат таппайды. Ал кешкі сағат 9 шамасында нәрестенің жағдайын нашарлай түседі. Нәресте ештеңеге мән бермей, әрекет етуден қалады. Мазасызданып, жылауын да қояды. Оның үнсіздігінен қорыққан ана дәрігерден сәбиді қайта қарап шығуын өтінеді. Педиатр болса сәбидің ағзасы сусыздануынан әлсіреп тұрғанын сылтауратып, оны қайта  қараудан бас тартады.

Сол кезде сәбидің ыстығы көтеріліп, селкілдей бастады. Сонда ғана дәрігер нәрестені қайта қарап, қантамырына ине салып, оттегіне қосып қояды. Сөйтіп невропотологты түнгі 11-лерде шақырады, ол 45 минуттан кейін бірақ келеді. Ол уақытта баланың дірілі әлі басылмаған, тынысы да ауыр, есінен танып жатты. Сәбиді бірден жансақтау бөліміне ауыстырды. Түн ортасында реанимотолог ананы баласына кіргізбей, оның дірілі басылып, дәрінің астында жатқанын айтқан. Ал түнгі сағат 1-де анасына баласының қазасы жайында хабар берді.

Шақалақтың денесі мен қаза болғаны жайында қағазды 15.30-да бірақ берген. Анасының айтуынша, бала аман алып қалуына болар еді, ол қатты сырқаттанбаған әрі ешқадай ауытқуы болған жоқ. Сондықтан олар баланың өміріне жауапты дәрігерлерді жауапқа тартуын талап етіп отыр. [caption id="attachment_79532" align="alignnone" width="720"]дәрігер ©сурет интернеттен алынды[/caption] Полиция баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

«Осы жылдың 12 қазанында Семей унитарлық кәсіпорнының Затонск полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігінде (Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сотқа дейінгі тергеудің барысы бақылауға алынып, қажетті жедел-іздестіру жұмыстары қолға алынды», - деп түсініктеме берді ШҚО ДП.