Трамп күрдтердің жұмысшы партиясын ДАИШ*-тан қауіпті санайды
Трамп күрдтердің жұмысшы партиясын ДАИШ*-тан қауіпті санайды

АҚШ президенті Дональд Трамп Күрдістанның жұмысшылар партиясын ДАИШ* (ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым) лаңкестік ұйымынан қарағанда әлдеқайда қауіпті санайды. Мұндай мәлімдемені Трамп 16 қазанда Италия президенті Серджо Маттарелламен бірлескен баспасөз конференциясында жасады деп жазады Deutschwelle.

«Күрд қозғалысының бір бөлігі саналатын КЖП (Күрдістанның жұмысшы партиясы) лаңкестік, тағы басқаларынан қарағанда қауіпті – ДАИШ*-тан қарағанда әлдеқайда лаңкестік қауіп төндіреді», деді Трамп . Ақ үй басшысы тіпті ДАИШ*-тық содырлардың өзі оларды (КЖП) құрметтейтіндерін, себебі олар ДАИШ*-тан қарағанда әлдеқайда «қатыгез» әрекетке баратындарын алға тартты.

Түркия өткен аптада Сирияда сириялық күрдтердің өзін-өзі қорғау күштеріне қарсы әскери операция бастаған соң АҚШ күрдтерге қару-жарақ беруді тоқтатты. Бұған дейін АҚШ күрдтерге ДАИШ*-қа қарсы күресте қолдау көрсеткен еді.

Сондай-ақ аталған операцияға байланысты АҚШ Түркияның бірқатар шендісі мен министрлігіне санкция салды.