Сауд Арабиясында қажылыққа барған 35 адам қаза тапты
Сауд Арабиясында қажылыққа барған 35 адам қаза тапты
124
оқылды

Сауд Арабиясында қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады деп жазады "Қазақпарат".

Arab News агенттігінің хабарлауынша, Мәдина қаласынан 170 шақырым жерде Әл-ахал елді мекеніне жақын тұста Хижраға бара жатқан автобус басқа бір көлікке соғылған. Кей деректерге қарағанда, 39 жолаушысы бар жекеменшік автобус жүк көлігіне барып соғылған. Зардап шеккендер әл-Хамна ауруханасына жеткізілген.