Қожахметов елдегі эпиджағдай қиындап бара жатқанын айтты
Қожахметов елдегі эпиджағдай қиындап бара жатқанын айтты
5,107
оқылды
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша жағдай күрделеніп бара жатқанын мәлімдеді Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін жақын досымның коронавирус жұқтырып алғанын естідім. Жағдай қиындап кеткенше мені мазалағысы келмепті. Өкпесі 20 пайызға зақымданған. Пневмония", - деді Қожахметов.

Сонымен қатар ол еліміздегі эпиджағдай қиындап бара жатқанын жеткізді.

"Біз тағы да босаңсып кеттік. COVID-19 бойынша сандар көңіл қуантпайды. Көршілес Ресейдегі жағдай біздің елдегі маусым-шілде айларындағы ахуалға ұқсас. Таңдау әрдайым өзімізде", - деп ескертті ол.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған болатынбыз. Жаңа шектеулер бүгіннен бастап заңдық күшіне енеді.