Коронавирусты 5-6 минутта анықтайтын тест ойлап табылды
Коронавирусты 5-6 минутта анықтайтын тест ойлап табылды
Адамның коронавирусты жұқтырған-жұқтырмағанын алдағы уақытта түкірік арқылы да анықтауға болады. Экспресс-тестті Италиядағы Инсубрия университетінің ғалымдары ойлап тапты. Вирусты тексерудің бұл түрі өте қарапайым әрі бірнеше минут қана кетеді. Ол үшін адамның түкірігі шыны түтікке салып химиялық реагентпен араласытырлады. Шамамен 6 минуттан соң түтіктегі ерітінді тест-кассетаға жағылады. Егер онда бір сызық түзілсе, адамның вирусты жұқтырмағынын, ал 2 сызық пайда болса, дертке шалдықанын көрсетеді. Мамандар «мұндай тест кинотеатр, мектеп, сауда орталығы сынды орындарда қолдануға ыңғайлы болар еді» деп отыр. Дегенмен, жаңа тест алда тағы бірқатар сынақтан өтуі тиіс. Тек содан кейін қолдануға берілуі мүмкін.