Түркия АҚШ санкцияларына қарсы жауап тапты
Түркия АҚШ санкцияларына қарсы жауап тапты

Түркия Сириядағы «Бейбітшілік қайнары» операциясы үшін АҚШ салған санкцияларға қарсы жауап тапты деп хабарлайды "Известия" басылымы жазады.

Атап айтқанда депутат Өзтүрік Йылмаз Анкараның кезекті қадамдарының бірі «Инжирлик» базасында америкалық әскерилердің санын қысқартуды талап ету екенін айтты. Бұл нысан Түркия мен Сирия шекарасынан бар-жоғы 130 шақырымда орналасқан, сондай-ақ Америкаға тиесілі ядролық қарулар орналасқан Таяу Шығыстағы жалғыз база.

Депутаттың пікірінше мұндай шектеу шаралары Вашингтонға қарсы «ықпалды екпедей» болмақ, әрі бұл үшін олар екіжақты қатынасты үзе алмайды.

Осы жылдың 15 қазанында АҚШ Сириядағы жағдайға байланысты Түркияға қарсы санкциялар енгізді. АҚШ Қаржы министрлігі санкциялар Түркияның Қорғаныс және Энергетика министрлігіне, сондай-ақ аталған министрліктер басшылары Хулуси Акар мен Фатих Донмезге салынғанын хабарлады. Сонымен қатар қара тізімге Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Сүлейман Сойлу да енді.