СҚО-дан XIV ғасырдың тиыны табылды
СҚО-дан XIV ғасырдың тиыны табылды
116
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданында орналасқан «Қызыл оба» қорымындағы қазба жұмыстары кезінде екі ересек адамның және екі баланың моласы табылды. Сондай-ақ археологтар осы молалардың бірінен Алтын Орда дәуіріне тиесілі күміс ақшаны анықтаған. Бұл 14-ғасырға тиесілі жәдігер. Монеталарда арабша жазу бар. Және оның екінші бетінде 1337 жыл көрсетілген. Бұл сол кездегі қазақ даласын мекендеген халық ислам дінін ұстанғанын аңғартып отыр. «Қызыл обадағы» қазба жұмыстары былтыр басталған. Екі жылда ғалымдар 700 шаршы метрден астам аумақты зерттеп үлгерді. Енді болашақта бұл жерді турситік орталыққа айналдыру көзделіп отыр. - Табылған монеталарды танымал ресейлік нумизмат Павел Петров 14-ғасырдың 30-жылдарына тиесілі екенін дәлелдеді. Және ол Өзбек хан тұсында жасалынған екен. Жалпы осы Алтын Орда  дәуіріне қатысты деректер кітаптарда өте аз. Сондықтан алдағы уақытта осы жерден  әлі талай тарихтың жаңа беттері ашылатынына сенімдімін, - дейді археологиялық экспедицияның жетекшісі Тимур Смағұлов,