Коронавирус туралы жаңа деректер жарияланды

Коронавирус туралы жаңа деректер жарияланды

5 қазан күні жарияланған зерттеу бірнеше ай бойы жүргізілген. Ко­ронавирустың қалай жылдам та­рап жатқанына қарап, ғалымдар бүгінде жеткілікті деп ойлап жүрген қашықтықтың аз екені туралы байламға келіп отыр. Зерттеу қалай жүргізілді? Ол үшін адамдар әлеуметтік қашықтық сақтап ор­наластырылды. Нәтижесінде, ви­рус оларға екі метрден де көп қа­шықтықтың өзінен жұққан. Себебі соның алдында коронавирус жұқтырған адам ол жерде болған екен. Бұған дейін де белгілі бол­ғандай, коронавирус жабық ғи­маратта тез таралады. Енді жаңа деректерге сүйене отырып, жа­бық ғимаратта желдету жүйесі жет­кіліксіз болса да жұғады дей аламыз. Ол дегеніміз – лифт, қо­ғамдық дәретхана, пойыздың ку­песі, қоғамдық көліктің вагоны, такси, кішігірім кафе, бар сынды орындарда таралуы жоғары. Тіпті, адам болмаса да жұқтырып алу қаупі барын есте сақтау қажет. Енді бір зерттеулерде ви­рус белгілі бір жағдайларда се­гіз метрден де жұғуы мүмкін екен. Шілде айында 239 ғалым бірі­гіп, Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымын вирустың ауадағы там­шылар арқылы жұғуы мүмкін екенін растауды сұраған. CDC орталығы жаңа деректерді жариялай келе, бұрынғыша бетперде тағып, адам көп жиналатын жерден бойды аулақ ұстауға шақырды. Қауіпсіз қашықтық сақтап, қол алысып, кеуде қағысудан, құшақтасудан барынша алшақ болған жөн. Қазақстанда кинотеатрлар қашан ашылады деп сұрап жүргендер жаңа зерттеу нәтижелерін көріп, одан бетер қапа болуы мүмкін. Себебі мына қарқынмен ол күн алыстап бара жатқан сияқты.  

Исмаил ҚУАНЫШ