«Ролан Гаррос» жеңімпаздары анықталды
«Ролан Гаррос» жеңімпаздары анықталды
120
оқылды
Надаль финалда ATP рей­тингісінде бірінші орында тұрған сербиялық теннисші Новак Джоковичті жеңді. 2 сағат 41 минутқа созылған кездесу 6:0, 6:2, 7:5 есебімен аяқталды. Осылайша, 34 жастағы ис­пания­лық Рафаэль Надаль спортшы мансабында жиыр­масыншы мәрте «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алып, осы көрсеткіш бойынша рекорд иесі Роджер Федерерді қуып жетті. Ал 19 жастағы польшалық теннисші Ига Швентек әйелдер арасындағы жекелей сында «Ро­лан Гаррос» турнирінің же­ңімпазы атанды. Финалдық кездесуде ол қарсыласы аме­рикалық София Кенинді 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды. Айта кету керек, Ига WTA деңгейіндегі турнирлерге бұрын бір рет қана қатысқан. Швентек 17 жасында Луганода өткен тур­нирдің финалына жетіп, Полона Херцогқа есе жіберген болатын.  

А.ЖАСАН