Әнші Айгүл Иманбаева бұл жағдайы ғаламтор кеңістігінде қызу талқыланып жатыр. Айгүл Иманбаева өзінің аяғы ауыр екенін жасырмай айтқан бейнежазбасы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды. Видеода эстрада жұлдызының өнердегі құрбысы Ләйлә Сұлтанқызына жақын арада бала босанып қалатынын айтқан. Иманбаеваның сөзінше, оның жүктілігі жетінші айына таяп қалған. Ол бүгінде сәнді көйлектеріне әрең сыйып жүргенін алға тартты.
[embed]https://www.instagram.com/p/CGP4rSyF0eB/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed] Желі қолданушылары аталмыш бейнежазбаны бірден қызу талқыға салуға көшті. Олардың өнер иесінің мәлімдемесіне қатысты түрлі пікірі бар болып шықты. Бірі актриса үшін қуанып, тілекші болып жатса, енді бірі оның бар болғаны әзілдегенін жеткізіп жатыр."Маған айтады "ту ту" деп, міне жеті ай болды. Ал не дейсің? Белдік те байланбай қалды. Ешкімге айтпа көз тиеді" , - деді Айгүл Иманбаева Ләйлә Сұлтанқызына.