Оқушылар арасында КВИ жұқтырудың 184 жағдайы тіркелді
Оқушылар арасында КВИ жұқтырудың 184 жағдайы тіркелді
100
оқылды
 Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мәлім етті.

«Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында КВИ жұқтырудың 184 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныпта оқитын 73 балада анықталды. Сәйкесінше, байланыста болған 1 012 адам белгілі болды, олардың арасында он адамда індет анықталды», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, қашықтан оқып жүрген балалар арасында індет жұқтырудың 111 оқиғасы тіркелді. Олар бойынша қарым-қатынаста болған 317 адам анықталып, КВИ-дің 19 фактісі белгілі болды.