Алматы қаласының полиция қызметкерлері арнайы мониторингтік топтардың құрамында жүріп, карантиндік стандарттардың сақталуы бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтықты және карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырады.«Біріншіден, біз бетперде режимін сақтау туралы айтып отырмыз, ол бүгінде азаматтарды жеке қорғаудың негізгі әдістерінің бірі. Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер карантинді сақтауды мүлдем тоқтатқан: олар медициналық бетперделерлі шешіп, қонаққа барып жүр, қолдарын және үйлерін антисептикпен тазалауды ұмытып кеткен. Бұл коронавирус инфекциясының таралуына әсер ететін тікелей факторлар. Осыған байланысты азаматтардың жаппай демалу орындарында және қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Полиция қызметкерлері, СЭС және аудан әкімдіктерінен құрылған ондаған мобильді топ өз жұмыстарын жалғастыруда», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.