Kaspi.kz IPO-ға шығып, Қазақстандағы ең қымбат компания атанды
Kaspi.kz IPO-ға шығып, Қазақстандағы ең қымбат компания атанды
196
оқылды
Kaspi.kz өз акцияларын Лондон қор биржасында орналастырды. Бір акцияның құны 28,5 доллардан 33,75 долларға дейін өзгереді. Kaspi.kz осылайша Қазақстан тарихындағы ең құнды компанияға айналды. Компанияның нарықтық капитализациясы 6,5 млрд доллардан асады.

«Bloomberg және Refinitiv мәліметтері бойынша, Kaspi.kz Лондон қор биржасында баға ұсынысының жоғарғы шегінде бір акция үшін 28,5 - 33,75 доллар баға ұсынды. IPO көлемі 1 миллиард долларды құрады, ал ұсыныс 29,6 миллион ГДР-ге дейін ұлғайтылды», – деп жазды Finance.kz телеграм каналы.

Kaspi.kz акцияларының Лондон қор биржасындағы саудасының басталу күні әлі жарияланған жоқ. Ал Астана халықаралық қор биржасындағы сауда-саттық 21 қазанда басталады.

Тұмар МЫРЗА