Бензин қымбаттайды
Бензин қымбаттайды
151
оқылды

1 желтоқсаннан бастап қазақстандық бензинге акциздер 10 теңгеге өсуі мүмкін. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, бүгінде үкіметте бензинге акцизді арттыру мәселесі талқылануда.

«Бензиннің әр литріне акциз салығы бар, бүгінде ол бар-жоғы 8 теңгені құрайды. Қазір біз литрін тағы 10 теңгеге көтеру туралы мәселені талқылап жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, бюджеттің шығындары, оның ішінде әлеуметтік міндеттемелер де өсті»,– деп түсіндірді ол.

Министрдің айтуынша, бензиннің бір литріне акциз барлық бензин түрлері үшін 18 теңгені құрауы мүмкін. Қарардың жобасы қазір талқыланып жатыр.

«Бүгінде АИ-92 литрінің бағасы 150 теңге, кейде 149-152 теңге аралығында. Алыс шетелдерді айтпағанда, көрші елдермен салыстырғанда сегіз теңгенің акцизі өте төмен. Әдетте акциз бензин бағасының жартысына жуығын құрайды», - деп толықтырды Р.Даленов.

Сонымен қатар, министр жанар-жағар майдың бағасы шамамен 6% қымбаттауы мүмкін деп болжайды.

«Егер акциздер өссе, менің ойымша, бензин 6% -ға қымбаттайды», - деді ол.