«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңгеден берілді
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңгеден берілді
129
оқылды

72 814 адамға «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден берілді. Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан және Орал сияқты 16 қаланың тұрғындары атаулы әлеуметтік көмекті алып үлгерді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Ақшалай қаражат беру үш кезеңде жүзеге асырылады. 15 қазанда «BizBirgemiz» науқанының бесінші толқыны аяқталады. Бар болғаны, үш күннің ішінде еліміздің 23 қаласынан 100 мың отбасыға көмек көрсетіледі. Қазақстандықтар Елбасы мен «Nur Otan» партиясына әлеуметтік желілер арқылы алғыс білдіріп, мұның коронавирус пандемиясы жағдайында дер кезінде көрсетілген әлеуметтік көмек екенін айтуда.

«Мен жеті баланың анасымын. «Birgemiz» қорынан 50 мың теңге келіп түсті. «Birgemiz» қорына, «Nur Otan»-ға және халықтың қамын ойлаған Елбасыға алғысымды айтқым келеді», - деді көпбалалы ана.

«Жаңа ғана менің телефоныма «Birgemiz» қорынан 50 мың теңге түскені туралы хабарлама келді. Осындай қиын кезеңде қарапайым халыққа көмектесіп жатқан қорға алғысымды білдіргім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлына көрсеткен қолдауы үшін алғысымды айта отырып, істеріңізге табыс пен гүлдену тілеймін», - дейді Шымкент қаласының тұрғыны.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен өңірлерге шамамен 5 млрд теңге бағытталды. Атаулы көмек көрсету - Елбасы, «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдаған шешімі. 7 санат бойынша 100 мыңнан астам азамат біржолғы материалдық көмекпен қамтылады. Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айырылған балалар), Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестірілгендер,тыл еңбеккерлері бар. Көмек алушылардың тізімін бұрынғыдай «Nur Otan» партиясының бақылауымен әкімдіктер ұсынады. Бұл ретте көмекті бұрын алмаған азаматтар алды. Еске сала кетйеік, Елбасы партияға «Birgemiz» қорымен бірлесіп, бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдер ұйымдастыруды тапсырғанын жазған болатынбыз.