Бақберген Қаламұш 19 жасында омыртқасын жарақаттап алған. Денсаулығы оңалтуды қажет ететін ол туған ауылы Кенжекөлде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсететін орталық жоқ екенін білді. Осыдан соң ол өзі сияқты жандарға көмектесетін жеке бөлме ашуды жөн деп тапқан.
Жас жігіт Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Болат Бақауовтың қабылдауына жазылды. Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Бақбергенге өз ауылынан орталық ашу үшін бөлме беріліп, қажетті құрал-жабдықтарды сатып әперетін меценат та табылды. Демеуші болған Nur Otan партиясы Павлодар облыстық мәслихаты фракциясының депутаты Сергей Прокопьев.
– Өзім сияқты жандармен жұмыс істегім келеді. Оларды аяғына тұрғызып, өмірге деген сенімі мен еңбек етуге деген ынтасын арттыра түссем деймін. Әзірге жаттығу құралдарының бәрін алған жоқпыз. Біраз затты кейін аламыз. Күніне 10-ға жуық адаманың жаттығуына мүмкіндік туғызамыз. Негізгі уақытымды осында өткізіп жүрмін. Дәрігерлер үміт жоқ екенін айтқан еді. Бірақ қиындыққа мойымай көздеген мақсатыңа жету үшін үнемі алға ұмтылып, көп еңбектену қажет, – дейді Бақберген Қаламұш.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету – Nur Otan партиясының негізгі жұмыстарының бірі. «Кедергісіз Келешек» партиялық жобасының аясында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқығын қорғау мәселелері туралы Заңға 78 түзету енгізілді, Құрылыс талаптары мен ережелері қайта қаралды, бос орындар жәрмеңкесі арқылы мүмкіндігі шектеулі 34 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. «Болашақ» корпоративтік қорымен бірге қазірдің өзінде жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді қолдаудың 38 бөлмесі ашылды.