ДДСҰ коронавирустың екінші толқыны жоқтығын мәлімдеді
ДДСҰ коронавирустың екінші толқыны жоқтығын мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар бойынша өңірлік директоры Дорит Ницан коронавирустың түрлері екінші толқын жоқтығын көрсетіп отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлады РИА Новости.

"Коронавирустың түрлері пандемияның екінші толқыны жоқтығын көрсетті ", - деді ол конференцияда.  

Оның айтуынша, қазір коронавирусты жұқтыру көрсеткіші артқан елдер бар, сонымен қатар эпидемиялық ахуалы жақсарған елдер де бар.

"Біз бұл ахуалға күнде жүргізілетін мониторинг негізінде қарап отырмыз, коронавирусқа шалдыққандар саны төмендеген елдердегі жағдайды зерттеп отырмыз", - деді ДДСҰ өкілі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирустың адам миына өте алатынын жазған болатынбыз.