ИИДМ бірыңғай оператор "ҰАТ" АҚ-мен бірлесіп, техникалық байқау орталықтарында белгіленген мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын жетілдірілген талаптарды әзірледі. Бірыңғай ақпараттық жүйе техникалық байқауға ұсынылған автомобильдердің есебін жүргізеді. Қазіргі уақытта техникалық байқау операторларының тізілімінде 600-ден астам оператор бар. Әрине, соңғы уақытта диакарттарды қолдан жасаудың көптеген фактілері анықталды, соған сәйкес әкімшілік және қылмыстық шаралар қабылданды. Бүгінгі күні орын алған барлық бұзушылықтар, бұл фотошоптар, автокөлікпен техникалық байқауды жүргізу, оларға өзгерістер енгізе отырып, бағдарламаларды үнемі жетілдіруді талап етеді. "Техбайқау" БАЖ-ға дәйексіз мәліметтері бар диагностикалық карталарды жіберу фактілерін азайту мақсатында "Техбайқау" БАЖ операторы хэш-соманы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымның түбірлік папкасынан сақтайтын, ол бойынша түбірлік файлдың өзгерістерін бақылайтын болады. Орнатылған бағдарлама қалтасындағы файлдар өзгерген кезде, жүйе бұзушыны бұғаттайды. Қазіргі уақытта осы утилитаға 408 техникалық байқау орталығы орнатылды, қосылмаған техникалық байқау орталықтарының саны 263 құрайды. МБҚ-ның белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған кезде "Техбайқау" БАЖ операторы осы МБҚ-дан "Техбайқау" БАЖ-ға деректерді беруді тоқтатады. Министрлік жаңа талаптар техникалық байқауды өткізу процесін жақсартады, сондай-ақ оның сапасы артады деп үміттенеді.