Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді зорлаған ер адам 15 жылға сотталды, деп хабарлайды «Павлодар-онлайн».
Ер адам Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі екені дәлелденді.Сот процесі жабық түрде өтті. Еске сала кетейік, 19 жастағы мұғалім Аққулы ауданы Майқарағай ауылында жұмыс істеген. Ол түнде мектепке интернет үшін барған. 25 ақпаннан 26-ына қараған түні қызды жергілікті тұрғын иесіз қалған үйге апарып, зорлап тастаған. Қылмыскер басқа ауылға қашып кетіп, ізін суытқан. Алайда оны бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері тауып алды.«Қаскөйге қарсы жәбірленуші, куәлардың айғақтары және сарапшылардың қорытындылары ескеріліп, оның қылмысы дәлелденді. Ер адамға 15 жылға соттау түрінде ең ауыр жаза берілді. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейді. Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян өндірілді», – деді соттағылар.